Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін 6 қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 6 қазанда Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция