Рэпер P. Diddy төрт жыл екі айға сотталды. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі жазып отыр.
Нию-Йорк соты рэпер Шон «Дидди» Комбсты «секс-қызметке тарту мақсатында адам тасымалдады» деп айыптап, төрт жыл екі айға соттады. Айыптаушы тарап рэперді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Бұған дейін сот алқабилері Шон «Дидди» Комбсты бес айыптың екеуі бойынша кінәлі деп таныған. Танымал әнші «рэкетпен және адам саудасымен айналысқан» деген ауыр айыптардан ақталған.
Бір айта кетерлігі, Шон «Дидди» Комбс 2024 жылғы қыркүйектен бері Нию-Йорктің Бруклин ауданындағы түрмеде қамауда отыр. Ол судьяға «істеген істеріне өкінетінін» жеткізген.
