Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Димаш Құдайберген Нию-Йоркте концерт береді

Фото: Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасынан алынды
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нию-Йорк қаласына барды. Ол Нию-Йоркте концерт береді.

Өнерпаз 5 қазанда әлемнің ең әйгілі алаңдарының бірі — Madison Square Garden сахнасында Stranger атты жеке концертін өткізеді.

5 қазан күні Madison Square Garden сахнасында біз әлемге Қазақстанды таныстырамыз. Бұл ерекше кеште Отанымыздың мемлекеттік әнұранын орындағым келеді, – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

DIMASH Arrival in New York 2025 | Stranger Concert

1 қазанда Димашты жанкүйерлері Нию-Йорктегі Жон Кеннеди халықаралық әуежайынан күтіп алды. Тыңдармандар сүйікті әртісін ұлттық жалауларымен, баннерлерімен қарсы алып, оған зор қошемет көрсетті.

Мақалаға реакция