Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан бұзылды

Мақатаев көшесі, 4а мекенжайда орналасқан Taiyaki coffee дәмханасы бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.

Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз тұрғызғаны белгілі болды.

Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды. Биыл 29 қыркүйекте меншік иесі басқарма ұйғарымының талаптарын орындау үшін заңсыз құрылысты бұзды.