Мемлекет басшысы Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжә Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжә Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.
