Алматыда Оспанов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйым – «АлматыДорСтрой» компаниясымен бірлесіп, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты 2025 жылғы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Эдельвейс» тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да