Енді 3 банктің клиенті бір QR арқылы төлем жасай алады

Ұлттық банк үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңа жүйе банктердің мобайл қолданбалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға мүмкіндік береді.

30 қыркүйектен бастап сервис үш банктің клиенттері үшін қолжетімді болады. Төлем жасау үшін банктің мобайл қолданбасында сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлеп, төлемді растаса жеткілікті.

Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа сервис банктер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, төлем қызметтерінің қолжетімдігін арттырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да