Алматыда сауда және интеграция министрлігі «Береке Fest» республикалық акциясы аясында «демалыс күні» жәрмеңкелерін ұйымдастырып жүр. Науқан аясында жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және басқа да күнделікті қажет өнімдер нарық бағасынан 10-15% арзан сатылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр.
- сиыр етінің бір келісі 2 950 теңгеден;
- қой еті 2 500 теңгеден;
- тауық еті 1 100 теңгеден;
- күнбағыс майы 800 теңгеден;
- жұмыртқа 50 теңгеден;
- картоп 190 теңгеден;
- сәбіз 180 теңгеден;
- қырыққабат 130 теңгеден;
- қырыққабат 100 теңгеден сатылады.
Алдағы демалыс күндері шамамен 700 тонна өнім сатылмақ.
Жәрмеңкелерді «Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері Алматыда 311 жәрмеңке өтті, онда 300-ден астам фермер 20,8 мың тоннаға жуық 1 000-нан астам түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатқан еді. Тұрғындар фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден қалта көтеретін бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкелер қаланың мына аудандарында сенбі-жексенбі сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:
- Алмалы ауданы: Абылай хан даңғылы, Қазыбек би көшесінің қиылысы (Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңкесі);
- Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында;
- Бостандық ауданы: «Қазақфильм» ш/а, Исиналиев көшесі;
- Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі-Абай даңғылынан төмен;
- Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесінің қиылысы;
- Жетісу ауданы: «Құлагер ш/а», Серіков көшесі, 2.
