Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған дирижерлар байқауы өтеді

Фото: Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы
2025 жылғы 8–10 қазан аралығында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, күйші-композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған республикалық дирижерлар байқауы ұйымдастырылады.

Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін байқаудың мақсаты — қазақ дирижерлік мектебінің дәстүрін дәріптеу, дарынды жас дирижерларды анықтап, кәсіби шеберлігін шыңдау.

Жарысқа 18 бен 35 жас аралығындағы жас мамандар мен студенттер қатысады. Олар Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен шығармаларды орындайды. Байқау жеңімпаздарына гран-при, жүлделі орындар және дипломдар табысталады.

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған дирижерлар байқауы өтеді
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

10 қазан күні сағат 19:00-де филармонияның Үлкен залында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен гала-концерт өтеді.

Ұлы композитордың 100 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар жыл бойы ел ішінде және шетелдерде жалғасады.

Мақалаға реакция