Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Каспий тартылып жатыр: Қашаған аралдары көріне бастады

Фото: Ақ Жайық

Не болды?

Атырау облысында аңшылар бейнежазба түсірген. Каспий теңізі тартылып, бұрын су түбінде болған Қашаған кен орнының аралдары құрлыққа айналып жатыр деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Мәлімет

Видеодағы «Нива» көлігі теңіз жаққа қарай бірнеше шақырым құм жолымен жүріп келеді – кезінде бұл жердің бәрі теңіздің түбі болған. Бейнежазбаға түсіріп тұрған азамат көкжиектен мұнара көрінгенде таңырқайды. Олар бейнежазбада бұл «D аралы» екенін, ал оның қасында «А аралы» орналасқанын айтады.

Жители Атырау бьют тревогу из-за обмеления Каспия

Болды, теңіз жоқ. Каспий бітті! Жақында Баутино портына құммен жетуге болады! – дейді бейнежазбадағы ер адам.

Қашаған кен орнының А және D аралдары бұрын жағалаудан ондаған шақырым қашықтықта орналасатын: D – 70–80 км, А – шамамен 40–45 км. Бірнеше жыл бұрын бұл аралдарды құрлықтан көру мүмкін емес еді. Ол жерге тек тікұшақпен немесе катермен баруға болатын.

Анықтама

Қашаған – 2000 жылы ашылған әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Атыраудан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұл — мұнай өндіру бойынша ең күрделі әрі қымбат жобалардың бірі. Кен орнын NCOC (North Caspian Operating Company) консорциумы игеріп жатыр, олар жасанды аралдар арқылы мұнай өндіреді де, оны «Болашақ» зауытында өңдейді.

Қашағанның мұнай қоры 1,5-тен 10,5 млрд тоннаға дейін бағаланады. Жоба жауаптыларының дерегінше, жалпы мұнай қоры — 38 млрд баррель немесе 6 млрд тонна, оның шамамен 10 млрд баррелі ғана өндіруге жарамды. Бұл жерде 1 трлн текше метрден астам табиғи газ қоры да бар.

Мақалаға реакция