Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты

Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін айтты.

Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.

Біздің командамыз Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Еуропаның Австрия, Швейцария сияқты бейтарап елдерінде кездесуді ұсындық… егер қаласаңыз, мысалы, Қазақстанда да өткізуге болады, — деді Зеленский америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.

Айта кетейік, бір апта бұрын Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта алдын ала шартсыз кездесуге дайын екенін айтты, бірақ бірден шарт қойды: Мәскеуде емес.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да