Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 24 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция