Бүгін 5 қалада ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі қалалардың ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 23 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да