Қазақстан азаматтары қосымша жұмыс істей алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың негізгі жұмысынан бөлек қосымша жұмыс істеуіне рұқсат бар екенін хабарлап отыр.

Алайда еңбек заңнамасы бойынша, шектеул бар: негізгі жұмыс сегіз сағаттан, қосымша жұмыс төрт сағаттан аспауы керек.

Еңбек кодексінде қосымша жұмыс шарттарын бекіту, еңбек демалысын үйлестіру және кәмелетке толмағандар мен қауіпті еңбек жағдайында істейтіндерге шектеу көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілерге де қосымша жұмыс істеуге тыйым салынған, тек педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметке рұқсат бар.

Министрлік еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) бойынша мониториң жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жүйе еңбек қатынастарының ашықтығын арттырып, электрон еңбек шарттарын ресімдеуге мүмкіндік береді.