Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады

Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент БҰҰ бас ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Мақалаға реакция