Алматыда электр энергиясының бағасы 20% өседі

Не болды?

Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушылары үшін электр энергиясының шекті тарифі 1 кВт/сағатқа 31,85 теңгеден 38,1 теңгеге дейін өседі. Демек, шамамен 19% қымбаттайды. Бұл туралы Bes.media хабарлап отыр.

Мәлімет

2025 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының шекті бағасы қымбаттайды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы бойынша департаменті тариф өңірлік желілер арқылы электр энергиясын жеткізу құны артқандықтан өсті деп түсіндірді:

  • 2025 жылғы 1 тамыздан бастап «Алатау Жарық компаниясы» АҚ тарифі 1 кВт/сағатқа 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге көтерілген;
  • биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап KEGOC АҚ қызметтерінің тарифі де 1 кВт/сағатқа 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге өсті (өсім — 48%);
  • 1 қазаннан бастап 1 кВт/сағатқа 13,99 теңге мөлшерінде өтемдік тариф енеді.

Департаменттің дерегінше, 2025 жылдың соңғы тоқсанында электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жалпы шығын — 33,6 млрд теңге. Оның ішінде: орташа сатып алу бағасы – 13,3 млрд теңге, желілерді пайдалану және жеткізу қызметтері – 43,5 млрд теңге, қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге кететін шығын – 25,2 млрд теңге.

Естеріңізге салайық, Премьер-министр Олжас Бектенов коммунал қызметтердің тарифі өсе беретінін айтқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да