Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатынан алтынмен оралды

16 қыркүйек күні түнгі сағат 3:00-де Алматы әуежайында Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатынан оралған Қазақстанның әйелдер құрамасы салтанатты түрде қарсы алынды.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Спортшы қыздарымыз үш алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Салтанатты қарсы алуға алматылық спорт қауымдастығы, туыстары, достары мен чемпион қыздардың жанкүйерлері келді. Олар спортшыларды барша Қазақстанның абыройын асқақтатқан тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтады.

Чемпион қыздар жанкүйерлерге және бүкіл елге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл – жаңа жеңістердің бастауы ғана екенін атап өтті.

Еске салайық, Ливерпулда бокстан әлем чемпионаты өтті. Қазақ боксшылары топтық тізімде бірінші орын алды.