Бүгін үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлданды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мыандай сегіз бағыт бойынша 87 іс-шарадан тұрады:
- инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту;
- өнеркәсіптік негізді нығайту;
- ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні;
- көлік-логистикалық және туристік әлеуетті іске асыру;
- ТКШ және су инфрақұрылымын жаңғырту;
- кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші;
- адами капиталды дамыту;
- парламенттік реформа жүргізу.
Ұсынылған жалпыұлттық жоспар жобасының іс-шаралары ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға, экономиканың негізгі салаларын цифрлық және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтардың жағдайын арттыруға бағытталған, — деді Серік Жұманғарин.
