Назым Қызайбай өзбек боксшысын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты.
Қазақстан боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Спортшы әлем біріншілігінің 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін сынға түседі.
Жартылай финалда Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен Өзбекстан боксшысы Сабина Бобокулованы жеңді.
Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025).
Бұған дейін ерлер арасында Айбек Оралбай (90+ кг), әйелдер арасында Аида Абикеева (65 кг) финалға шыққан.
