Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Черногория Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан түпкілікті түрде бас тартты

Дина Таңсәрі
Черногория Жоғарғы соты «Не Молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Динара Смайылованы (Дина Таңсәрі) Қазақстанға экстрадициялаудан түпкілікті түрде бас тартты.

Бұл туралы Динара Смайылова Facebook-парақшасында хабарлап отыр.

4 қыркүйекте Черногория Жоғарғы соты Қазақстан Бас прокуратурасының экстрадициялау туралы өтінішін кері қайтарған. 12 қыркүйекте шешім Черногория Жоғарғы сотында апелляциялық инстанцияда қаралған соң күшіне енді, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Динара Смайылованың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. Ол Астана сұрауы бойынша Черногорияда ұсталған. Алайда кейін босатылған.