Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, облыстың бір ауданында 19 шетел азаматы мен Өскемен қаласының екі тұрғыны ұсталған.
Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сонымен қатар құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексеріліп жатыр. Дәлелдер жиналып, қажет сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылданып жатыр, – делінген ПД хабарламасында.
