Басты бетНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Осыған дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік футболшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтатуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың түсіндіруі бойынша, бұл норма Парламент Сенатына қарауға жіберілетін дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілетін түзетулер қатарында.

«Мен де қарсымын. Бұл заң арқылы шетелдік легионерлерге бюджеттен төлемді мүлде тоқтатқымыз келеді. Легионерді шақырғың келсе, демеушілер тап, бөлек ақша ізде. Спортқа бөлінген қаржы осылай реттегіміз келді», — деді Елсияр Қанағатов.

Осы арқылы министрлік қаржының көп бөлігі басымдығы бар спорт түрлеріне бөлмек.

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков заң жобасы бойынша Қазақстан тарихта алғаш рет министрлік ғимаратын Ұлттық олимпиада комитетіне бертінін айтты. Бұл олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерацияларды дамыту үшін жасалады.

«Халықаралық деңгейде жетістігіміз бар, 5 критерий бойынша таңдаймыз. Халықаралық деңгейдегі жетістік негізгі болады. Материалды-техникалық база, кадрлық резерв, бапкерлер барына, әр облыста спортшылары болуына, тарихи принцип бойынша, қандай спорт түрлері бізде жақсы және климаттық жағдайға қараймыз. Анықталғаннан кейін қаржыландыру жүреді. Бұл басқа спорт түрлері қаржыландырылмайтынын білдірмейді», — дейді Мұсайбеков.

ДереккөзTengrinews.kz