22 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы қарсыластарына дес бермеді.
«Даниал спортқа бейім. Жаттығуларына барып, қадағалап тұрамын, бар ынтасымен жасайды. Сосын төрттағанда мықты. Жастығына қарамай, қарсыластарына ауырту тәсілін сауатты қолдана біледі» – дейді оның атасы Айдар Әшірбеков.
Даниал Айдаров – Созақтың тумасы. Ол күнделікті жаттығуын осы қаладағы «Ронни» жекпе-жек клубында жасайды.