Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы өсті

Нью-Йорктің тауар биржасында WTI маркалы жеңіл мұнайға маусымдық фьючерстер 0,78%-ға, баррелінің бағасы $46,24 дейін өсті. Лондондық ICE Futures биржасында шілде айындағы жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,68%-ға, баррелінің бағасы $49,06 дейін жетті.

Еске сала кетейік, мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы шикізат қоры бойынша мәліметтері шыққаннан кейін “қара алтынның” шамадан тыс көп болуы мүмкін деген болжам-қатері туындаған болатын.

ДереккөзInform.kz