Елімізде доллар қымбаттады

Мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы шикізат қоры бойынша мәліметтері шыққаннан кейін «қара алтынның» шамадан тыс көп болуы мүмкін деген болжам-қатеріне байланысты төмендеп отыр.

Сондай-ақ, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 50 долларға төмендеуі фонында еліміздің айырбастау пункттерінде доллар қымбаттады.

Айта кетейік, кешегі, 4 мамырдағы KASE қор биржасының таңғы және күндізгі сауда қорытындысында ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 315,68 теңге көрсеткішінде тұрған еді. Сауданың жалпы көлемі 191,1 миллион долларға жеткен еді.

ДереккөзTengrinews.kz