Ozon
Фото: Ozon
Ozon тапсырыс беретін орын ашу — кәсіпкер ретінде тәжірибеңіз болмаса да, кәсіп ретінде бастауға ұтымды нұсқа. Маркетплейс арқасында бірнеше апта ішінде іске қосып, шығынын тез өтеп, табысқа жетуге болады. Ал жақын маңдағы көрші тұрғын үй кешенінің тұрғындары дәл сіздің пунктіңізден тапсырыстды алып кетуі үшін не істеу керек? Бұл туралы Ozon тапсырыс беретін пункттерді сәтті басқарып отырған кәсіпкерлер айтып берді. 

1-инсайт: Тапсырыс беретін пункт үшін ең ыңғайлы қызметкер — студенттер

Кәсіпкердің көбі кәсібін енді бастағанда өз пунктінде өзі істейді. Әрине, бұл процесті жақсы түсінуге және шығынды азайтуға көмектеседі. Алайда ісіңіз кеңейіп, жаңа орын ашқан сайын көмекші керек. Пункттер желісінің иесі Александра Синдинаның айтуынша, ең тиімді шешім — студенттерді жұмысқа алу.

Студенттер жұмыс кестесіне тез бейімделеді, жаңа міндеттерді тез үйренеді және көбіне жұмысты қызығып, ынтамен істейді. Олар — табыс тапқысы келетін, тәжірибе жиюға ұмтылатын белсенді жастар. Ең бастысы, олар қарапайым, түсінікті жүйені және достық қарым-қатынас негізіндегі жылы атмосфераны бағалайды.

Сондықтан бәрі дұрыс ұйымдастырылса, студенттер кезекшілігін атқарып қоймай, жүйенің нағыз амбассадорына айналады және кәсіппен бірге өседі, дамиды.

2-инсайт: Халық көп жүретін жолдарға мән беріңіз

Тапсырыс беретін пункттің табысты болуы көбіне оның орналасқан жеріне байланысты. Михаил Санчестің айтуынша, тек геолокация емес, кіреберістің қайда екені, аялдамаға қаншалық жақын екені сияқты ұсақ-түйек те маңызды. 

Айналаға назар салып қараңыз: адамдар қай жақтан келеді, ғимаратқа көбіне қай тұстан келеді — міне, осы жолдар «халықтың ізі түскен соқпақтар».

Маркетплейс клиенттері жаңа пункт ашылғанын бірден біледі. Себебі Ozon оны картаға қосып, қолданба арқылы жарнамалайды. Мысалы, тапсырыс рәсімдегенде жаңа пункт ұсынып тұрады.

Дегенмен сіз пунктті тұрғын үйдің подъезінің артқы жағынан ашсаңыз, бұл сол үйдің тұрғындары дәл сол жерден тапсырысын алатынына кепіл береді деген сөз емес. Мысалы, клиент подъезінен шығып, аялдамаға қарай тік жүріп кетеді делік. Жол-жөнекей алдынан оған басқа пункт кездеседі. Ол өз үйін айналып жүрмей, сол пунктке кіре салғанды жөн көруі мүмкін. Сөйтіп сіз емес, бәсекелесіңіз пайда табады. 

Тапсырыстарды беретін пункттің иесі Михаил Санчес 

3-инсайт: Балаларға арналған шағын бұрыш жасап қойыңыз

Ата-аның көбі мектептен, балабақшадан немесе үйірмеден баласын алып қайтқанда, жол-жөнекей тапсырысын ала кетеді. Осындай сәттер үшін пункт ішінде балаларға арналған ойын бұрышын ашып қойсаңыз, ыңғайлы болар еді. Ата-ана баласы ойнап отырған кезде киімін киіп көре алады немесе асықпай  тапсырысын тексере алады.

Мысалы, бір үстел мен кішкентай орындық қойып, жанына түрлі-түсті қарындаштар мен бояуға арналған суреттерді қойсаңыз жеткілікті. Ең бастысы, бұл бұрыш пункт жұмысына және басқа клиенттерге кедергі келтірмеуі керек. 

Мысалы, бізде балаларға арналған үстелде бояу парақтары, трафареттер, жазуға арналған дәптерлер мен сурет салатын альбомдар тұрады. Қазір балалар сурет байқауын өткізіп жатырмыз: әр қатысушы жеңімпаз атанып, тәтті сыйлық алады.

Екатерина Гришко, тапсырыстарды беретін пункттің иесі

4-инсайт: Жануармен кіруге рұқсат беріңіз

Көбі итімен сыртта серуендеп жүріп, жолай тапсырысын ала кетеді. Егер есік алдында «жануармен кіруге болмайды» деген жазу тұрса, кейбір клиент сіздің пунктіңізге кірмей, жай ғана өтіп кетуі мүмкін. Себебі ешкім итін сыртта жаңбырдың астында не аптапта қалдырғысы келмейді.

Сондықтан жануармен кіруге рұқсат беріңіз. Сонда бірінші рет келіп тұрған клиентіңіздің өзі сізге риза болады. Бұл болмашы нәрсе сияқты көрінгенімен, ит асырайтындар үшін маңызды.

Тапсырыс беру пункті басшысының орынбасары Кирилл Антипов айтуынша, төрт аяқтылардың жүрегін біржола жаулап алғыңыз келсе, бұрышқа су құйылған ыдыс қойыңыз. Бұл — клиенттерге құрметпен қарайтыныңызды және оларды жақсы қарсы алуға дайын екеніңізді көрсететін қарапайым, бірақ әсерлі әрекет.

Фото: Ozon

5-инсайт: Велосипед пен арбаларға арналған тұрақ қойыңыз

Сіздің клиенттеріңіздің арасында велосипед айдайтындар мен бала арбасымен жүретін аналар көп болса, қарапайым металлмен байлап қоюға болатын шағын тұрақ жасатқан ыңғайлы. Сонда клиент алаңдамай, транспортын қауіпсіз жерге тастап, тапсырысын асықпай тексере алады. Мұны бағалаған клиент келесі жолы да тапсырысты дәл сіздің пункттен алып кететіндей етіп береді.  

Бірақ біз одан да ыңғайлы қызметті — арнайы батырманы орнаттық. Бұл жолда келе жатқанда баласы ұйықтап қалған аналарға арналған. Мұндай аналарға баласын оятқан да, арбаны пункт ішіне көтеріп кірген де ыңғайсыз. Сол себепті аналар сыртта тұрып, арнайы батырманы басады. Біз өзіміз сыртқа шығып, штрихкодты сканерлеп, тапсырысын қолына әкеліп береміз. Міне, осындай қарапайым әрі адамдардың жағдайын ойлайтын тиімді қызмет. 

Елена Шабалина, тапсырыс беру пунктінің иесі

6-инсайт: Қызметкерге жайлы жұмыс орнын ұсыныңыз

Пункт менеджерінің бір ауысымы әдетте 12 сағатқа созылады. Олар уақытын жайлы өткізуі үшін демалатын, тамақ ішетін орын мен сапалы жұмыс жабдықтары қажет. Қызметкерге қолайлы жағдай жасалса, ол өз ісін көтеріңкі көңіл-күймен атқарады. Пунктте мынадай нәрселердің болғаны маңызды:

  • шағын ас үй бұрышы — шәйнек, микротолқын пеш, ыдыс-аяқ;
  • компьютерге арналған ыңғайлы орындық;
  • жақсы істейтін техника — принтер, сканер, компьютер;
  • музыка қосып қоятын шағын колонка;
  • шай ішуге арналған су, шай, кофе және тіскебасарлар.

Мұның ешқайсы көп қаржыны талап етпейді, бірақ осындай қарапайым жағдайдың өзі қызметкердің көңіл-күйіне оң әсер етіп, клиенттерді жылы жүзбен қарсы алуға мүмкіндік береді.

7-инсайт. Клиент жолды оңай табатындай болсын

Тапсырыс беретін пункт сауда орталығында немесе көпқабатты ғимаратта орналасса, кей клиентке оны табу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан жолды бағыттайтын қосымша белгілер орнатқаныңыз дұрыс. Мысалы, қабырғаға жолды көрсететін ашық түстегі белгілерді жабыстырып қойыңыз. Клиент пунктті неғұрлым оңай тапса, соғұрлым жиі оралады.

Дегенмен бастысы, бұл безендірген заттарыңыз Ozon-ның ресми стиліне сай болуы керек. Бірақ бұл аса қиын мәселе емес, себебі маркетплейс серіктестерге брендбук, маркетинг материалдарын және безендіруге арналған нұсқаулықтар береді. Сізге тек оларды басып шығарып, дұрыс жерге орналастыру керек. Сонда тапсырыс беру пунктіне жол табу қиын тапсырма емес, түсінікті бағыт болады.

8-инсайт: Бейнебақылау орнатыңыз

Тапсырыс беретін пунктте түрлі жағдай болып жатады. Мұндайда дау-дамай болмас үшін бейнебақылау орнату – ең дұрыс шешім. Михаил Санчестің айтуынша, бұл – үнемдеуге болмайтын маңызды нәрсе.

Мысалы, клиент қызметкердің дөрекілігіне шағымданса, айыппұл салынуы мүмкін. Бірақ видеоны көргенде, керісінше, клиенттің өзі дөрекі сөйлегені немесе мас күйде келгені анықталуы мүмкін. Осылай, камера — әділдік орнатуға арналған сенімді құрал.

Сонымен қатар бейнебақылау қоймада тәртіп орнатуға көмектеседі. Мәселен, тапсырыс жоғалып кетсе немесе дұрыс емес жерге, сөреге қойылса — жазбаны қарап, тауардың нақты қайда кеткенін табуға болады.

Михаил Санчес, тапсырыс беру пункттерінің иесі

9-инсайт: Қызметкерлерге арналған бонус жүйесін енгізіңіз

Тапсырыс беретін пунктті танымал ететін көбіне сол жерде істейтін адамдар. Клиент әрдайым жылы қабақ танытатын қызметкері бар пунктті таңдайды. Ал салқынқанды, бейжай сөйлейтін адам, керісінше, клиенттің көңілін қалдырып, қайта келмейтіндей етеді. 

Ал қызметкер тек тұрақты жалақы алса, ауысымды қандай көңіл-күймен өткізсе де, табысы өзгермейді. Яғни ынтасы аз болады. Мұндайда Михаил Санчес бонус жүйесін енгізіп, мәселені тиімді шешкен.

Біз қызметкерге пункттің таза табысынан пайыз төлейміз. Пункт табыс әкелсе, демек, клиенттер жиі келеді, ал бұл қызметкердің жақсы жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Осылай, қызметкер жай жұмысшы емес, бизнестің мүддесіне шын мәнінде мүдделі серіктеске айналады. Мұны клиенттер де бірден байқайды.

Михаил Санчес, тапсырыс беру пункттерінің иесі

10-инсайт: Клиент қандай тауарға тапсырыс беретінін алын ала ойлаңыз

Тапсырыс беретін пункттің іші тар болса, клиенттер қораптарға сүрініп, ал қызметкерлер тауарларға орын таппай ашуланып жүруі әбден мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін алдын ала кеңістікті дұрыс жоспарлау керек және қандай тауарлар келуі мүмкін екенін болжаған абзал.

Сақтауға арналған орын жеткілікті болсын. Пунктіңізге көбіне қандай тауарларды алып келуі мүмкін екенін ойланып, соған сай кеңсе іздеңіз. Біз кеңістікті жобалағанда  бау-бақша арбалары мен көлікке арналған дөңгелектер сияқты ірі көлемді тауарлар үшін бөлек орын қарастырдық. Біздің пункт шағын елдімекенде орналасқан. Сондықтан құрылыс материалдары, жиһаз, жазғы үйге арналған заттар, жөндеу мен көлікке қажет тауарларға жиі тапсырыс береді деп ойладық.  Дұрыс жоспарланған кеңістік — мұндай көлемді заттарды еш қиындықсыз қабылдап, сақтай алады.

Александра Синдина, тапсырыс беру пункттері желісінің иесі

Ozon пунктін ашу оңай. Мұндай бизнесті бастауға кететін сома шегі төмен, ал Ozon маркетплейсі 6 800 000 теңгеге дейін қаржылай қолдау ұсынады. Жеке менеджерлер техникалық мәселелер бойынша көмектеседі. Сонымен қатар сізге безендіру бойынша анықтама мен брендбук беріледі.

Оған қоса, пункт арқылы қосымша табыс табуға да болады. Мысалы, ішке уендинг автоматын немесе көшірме қызметін орналастыруға болады.

Бизнес қалай бастау керек және ол үшін не қажет екені туралы толық ақпаратты Ozon-ның ресми сайтынан таба аласыз.