Алматыда 15 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

Алматыда жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 15 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұл туралы брифиң барысында Алматының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әділет Жаңабаев айтты.

Орталықтың мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте 22 мың алматылық жұмысқа тартылды. Оның 15 мыңы тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Жыл соңына дейін қалада кемінде 87 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында биыл Алматыда 8,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 98,2%-і – тұрақты жұмыс. Жалпы жоспар бойынша 2025 жылы 87,2 мың жұмыс орны құрылуға тиіс, оның 73,3 мыңы – тұрақты жұмыс, – деді Әділет Жаңабаев.

Спикердің сөзіне қарағанда, қысқамерзімді кәсіби оқыту мен жастар тәжірибесі бағдарламалары да табысты іске асырылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да