Президент дәрігерлерге қол көтеретіндерге ескерту жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық қызметкерлеріне қол көтеретіндерге ескерту жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент Ақордада бір топ медицина мамандарын жинады.

Оның айтуынша, мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсете береді. Дәрігерді халықтың қамқоршысы екенін көбісі терең түсінеді.

Өкінішке қарай, қоғамда дәрігердің жұмысына кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететін адамдар әлі де бар. Медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз әрекетке жол беруге болмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын осындай адамдар міндетті түрде заң аясында жауапкершілікке тартылады, – деді мемлекет басшысы.

Осы орайда президент заң мен тәртіпті барлық жерде бірдей қатаң сақтау қажеттігін ерекше айтты. Сонда ғана әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да