«Біздің хайуанаттар бағының жұмыс істеп жүргеніне 15 жыл болды, бүкіл тарихында алғаш рет төрт қонжық туды. Әдетте екі-үш қонжықтан болушы еді, бірақ төртем — сирек жағдай. Бұл Маша мен Гошаның алтыншы ұрпағы. Бұған дейін Маша Улан-Удэ, Благовещенство, Хабаровск, Уссурийск және Камчаткада ұрпақ әкелген», — деп баяндады хайуанаттар бағында.
Хайуанаттар бағы өкілінің айтуынша, қонжықтардың әрқайсысының салмағы шамамен 300-400 грамм. «Анасының сүті жақсы болуы үшін, оған қосымша түрде жұмыртқа, сүт, қант, торттар, бал беріп отырмыз», — деп атап өтті ол.