Басты бетЖаңалықтарАбай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Абай облысының прокуратурасы 42 мың гектар пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлап отыр.

Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы саналы мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталды.

Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқаны айтылды.