Еліміздің екі өңірінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте — шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте — желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да