Урбанизация, стресс, инфекция. Елімізде ішек қабыну ауруына шалдығатындар саны артып барады

Алматыда гастроэнтерология және оған аралас пәндер саласында IX Ұлттық ішек қабыну аурулары (ІҚА) форумы өтті.

Форум жыл сайын 19 мамырда өтетін. Крон ауруы мен ойық жаралы колит туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған Халықаралық ішек қабыну аурулары күніне орайластырылған.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда ішек қабыну ауруларымен ауыратындар саны айтарлықтай өсіп бара жатқаны байқалады. 2018-2023 жылдар аралығында Крон ауруы үш есе дерлік– 555-тен 1 631-ге дейін, ойық жаралы колит – 2 218-ден 7 3051-ге дейін артқан. 2024 жылғы статистика Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда 5-10 ІҚА дерегі тіркелетінін көрсетті. Бұл көрсеткіш өсе беруі мүмкін. Бұл диагностиканың жақсарғанын да, ауруға шалдығатындар іс жүзінде көбейгенін де көрсетеді.

форум
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

Аса алаңдататыны, ІҚА диагнозы жасөспірімдер мен жастарға жиі қойылатын болды. Диагноз қойылған науқастардың орташа жасы – 35-40 жас. Ауруға ететін факторларға урбанизация, стресс, инфекциялар және антибиотиктерді дәрігер бақыламай, қабылдау жатады.

Форумға қатысқандар ерте диагностика қажет екенін, жоғары технологиялық тексеру әдістері мен биологиялық терапияы алу оңай екенін және ІҚА емдеудегі пәнаралық тәсілдің маңызын айтты.

Форум қорытындысы бойынша өңірлерде мамандандырылған орталықтар желісін кеңейту, халықаралық тәжірибеге негізделген клиникалық ұсынымдарды енгізу, дәрігерлерге үздіксіз кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажет екені айтылды.

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында елдегі алғашқы мамандандырылған ІҚА, қысқа ішек синдромын емдеу және тамақтануды түзету орталығы ашылды. Орталық заманауи диагностикалық базамен және көп салалы мамандар тобымен жабдықталған.

Қазақстанда «ІҚА диагнозы қойылған адамдарға көмек беру қоры» деген науқастарға арналған ұйым бар. Оның мақсаты науқастарды қолдау және ауру туралы хабардарлықты арттыру.

Сарапшылар бірқатар өңірде эндоскопиялық диагностикадан өту шектелуі екенін және науқастарға психологиялық қолдау көрсетіле бермейтінін айтты. Дәрігерлер бүкіл елде мамандандырылған орталықтар желісін кеңейтіп, салааралық ынтымақтастықты нығайту қажет екенін де айтып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да