Басты бетЖаңалықтарШымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды

Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды

Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды. Ұшақтың бөлшегі зақымдалды.

Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Шымкент—Астана» әуе рейсі қонған кезде ұшақпен құстар соқтығысып қалды. Ұшақтың зақымдалған бөлшегін ауыстыруға байланысты, күту керектігін ескерте отырып, «Астана—Шымкент» бағыты бойынша ұшуға тиіс жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтылды, — делінген хабарламада.

Осы орайда аталған әуе компаниясы басты басымдық — жолаушылардың қауіпсіздігі екенін хабарлап отыр.

Компания құстардың ұшу бағытына әсер ете алмайды, сондықтан осындай жағдайда рейс кестесінің өзгеруіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да