Басты бетЖаңалықтарШегіртке қарсы күреске 50-ден астам дрон жұмылдырылды

Шегіртке қарсы күреске 50-ден астам дрон жұмылдырылды

50-ден астам дрон шегіртке зиянкестеріне қарсы күреске жұмылдырылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, былтыр Қазақстанда үйірлі шегіртке 2,5 миллион гектар аумақты қамтиды деп болжанған. Алайда күрес шаралары нақты түрде 3,1 миллион гектар жерді қамтыды. Химиялық өңдеулер барысында 423 бүріккіш техникасы қолданылды.

Пестицидтер мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде 694 миллион теңге көлемінде үнемделген бюджет қаражаты есебінен жеті барлау дроны, 46 химиялық өңдеуге арналған дрон және 68 автокөлік сатып алынды. Түркістан және Жамбыл облыстарында шегіртке ошақтарын анықтауда барлау дрондары жоғары тиімділікті көрсетті, — деп хабарлады агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сонымен қатар Абай және Жетісу облыстарында қолданылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан және Жамбыл облыстарында дрондармен мың гектардан астам жер өңделді. Қолданылатын технология қысқа мерзімде және жоғары дәлдікпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да