Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Оқ тиген Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: Мәжіліс
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқтан жарақат алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайын айтып берді.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі кезде Руслан Берденов өзі жүріп-тұра алады.

Қазіргі кезде пациенттің жағдай тұрақты. Өзі жүре алады. Дегенмен әзірше дәрігерлердің қарауында болады, — деді Ақмарал Әлназарова үкіметте өткен брифиңде.

Естеріңізге салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әлдекім оқ атып кеткен еді. Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болған. Руслан Берденовке үш рет оқ атқан.