Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Шерзат Болат ісі: куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынып жатыр

Видео скрині
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Болаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Сотта куәгер Эльмира Нұрбекова жауап беріп жатыр.

Бұған дейінгі сот отырысына екі әйелдің бірі Эльмира Нұрбекова куәгер ретінде қатысты. Ол орыс тілінде жауап беретінін айтып, аудармашының көмегіне жүгінген еді.

Бүгін жәбірленушінің өкілі куәгерден Талғардағы қай мектепте оқығанын сұрады. Адвокат Эльмира Нұрбекованың бұған дейін тек қазақ тілінде жауап бергеніне соттың назарын аударды.

Шерзат Болат ісі: куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынып жатыр
Видео скрині

Істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов куәгерге орыс тілінде жауап беруге рұқсат берілгенін еске салды.

Мен сотқа дейінгі тергеу барысында орыс тілінде жауап бердім. Сонымен қатар бізден екі күн бойы 100-ге жуық адам жауап алды. Мен тезірек қолымды қойып кетуге асықтым, – деді Эльмира Нұрбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.