Басты бетЖаңалықтарОлимпиада және паралимпиада жүлдегерлері сыйақы алды

Олимпиада және паралимпиада жүлдегерлері сыйақы алды

Туризм және спорт министрлігі олимпиада мен паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілгенін хабарлап отыр.

Үкімет 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы олимпиада және XVII жазғы паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды, — делінген ресми хабарламада.

Заң бойынша бекітілген ақшалай сыйақылар:

  • 1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
  • 2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
  • 4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
  • 5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
  • 6-орын — 5 000 АҚШ доллары.

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі. Сонымен қатар олимпиада мен паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да