Басты бетЖаңалықтарБлогер Мұрат Әбділдә тағы түрмеге түсті

Блогер Мұрат Әбділдә тағы түрмеге түсті

Түркістан облысында шартты түрде босатылған блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан қаласының ауданаралық соты хабарлап отыр.

Түркістан қаласының ауданаралық сотында ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Мұрат Әбділдәға қатысты ұсыным қаралды.

Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.

Мұрат Әбділдәні мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі екі жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды, — деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, Мұрат Әбділдә әлеуметтік араздық тудырғаны үшін түрмеге қамалған болатын. 9 қыркүйекте ол бостандыққа шыққан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да