Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысы Түрксіб станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

24 сәуірде сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл вагондар жеке меншіктің вагондары. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, апат салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілген.

Қазіргі уақытта оқиға неден болғаны тексеріліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да