Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты қазіргі майдан сызығында тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымы жазып отыр.
Басылым АҚШ-тың соғысты аяқтау бойынша Ресейге жасаған ұсыныстарын да жазған. Ол ұсыныстардың ішінде Қырымды Ресей жері деп тану туралы да ұсыныс бар.
Bloomberg басылымы АҚШ Қырымды Ресей жері деп мойындауға дайын екенін жазған. Басылым АҚШ билігінің риторикасына назар аударған.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский Киев Ресейдің Қырымға құзыретін ешқашан мойындамайтынын айтты.
Бұл – біздің жер, Украина халқының жері. Бұл жерде айтатын да ештеңе жоқ. Бұл Конституциямызға қайшы, – деді Украина президенті.
БАҚ-та АҚШ соғысты барынша жылдам аяқтауға мүдделі екені жазылып жатыр.