Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық кітап күнімен құттықтады.
Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Бір айта кетерлігі, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген. Осылай, биылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді.