Басты бетPush23 сәуірде Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

23 сәуірде Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 23 сәуірде Жезқазған, Ақтөбе қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.