Басты бетЖаңалықтарАтырауда жатақхананың бір бөлігі опырылып кетті

Атырауда жатақхананың бір бөлігі опырылып кетті

Атырауда жатақхананың бір бөлігі опырылып кетті. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

22 сәуірде таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті, – делінген хабарламада.

5 қабатты ғимарат 1972 жылы салынған. Бұл нысан апатты деп танылып, 2023 жылдан бері ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да