Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада қызметкері қаза болғанын растады.
21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, – делінген хабарламада.
Бір айта кетерлігі, БАҚ Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылғанын жазған. Қызметкердің нақты неден қаза болғаны белгісіз.