Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан облысында 228 мың көшет отырғызылады

Батыс Қазақстан облысында 228 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу бойынша экологиялық науқан басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен ағаш екті.

Батыс Қазақстан облысы да бұл акцияға қосылды. Жоспар бойынша, өңірде биыл 228 мың ағаш отырғызу көзделген. Оның ішінде шамамен 5 мыңға жуығы облыс орталығы – Орал қаласында егілмек.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін экологиялық акция аясында Тұңғыш Президент алаңында 55 ағаш отырғызылды.

Іс-шараға қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиев экологиялық акцияның көгалдандыру мен аумақты абаттандыру ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесін атап өтті.

Бұл тек абаттандыру шарасы емес, сонымен қатар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі бірігіп, жүйелі түрде облыстың барлық аудан-қалаларында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Әрбір мекеме, ұйым және елді мекендер бұл акцияға белсенді қатысатынына сенімдімін, – деді облыс әкімі.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2023 жылдан бастап президент бастамасымен өткізіліп келеді. Акция еліміздің жасыл қорын қалпына келтіру мен көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, қоқыстан тазартуға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да