Басты бетЖаңалықтарРим Папасы қайтыс болды

Рим Папасы қайтыс болды

Рим Папасы Франциск 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі Ватиканға сілтеме жасап хабарлап отыр.

Франциск – католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын.

Бір айта кетерлігі, Рим Папасының ауырып жүргеніне біршама уақыт болды. Ол биыл өкпе инфекциясымен Римдегі Джемелли клиникасына жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, Рим Папасы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да