Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

16 сәуірде Ақтөбенің ауасы ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бүгін Ақтөбенің ауасы ластанады.

16 сәуірде Ақтөбенеің ауасы ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.