Басты бетPushҚазақстан азаматтары неше жасында неке қияды?

Қазақстан азаматтары неше жасында неке қияды?

Елімізде үйленетін орташа жас артып келеді. Бұл туралы Экономикалық зерттеу институты хабарлап отыр.

35–44 жас аралығында үйленетін жігіттердің үлесі 2020 жылы 10,9% болса, қазір 14,7%-ке жеткен, ал 45–54 жаста үйленетіндер 5,4%-ке көбейген.

35–44 жас аралығында күйеуге шығатын қалыңдық үлесі 2020 жылы 8,5% болса, қазір 12,3%-ке артқан. 45–54 жас аралығында күйеуге шығатындар 2020 жылға қарағанда 4,4% көбейген.

Алғаш рет некеге тұратындардың орташа жасы да артты: ер адамдар арасында 27,5 жастан 27,9 жасқа, қыздар арасында 24,8 жастан 25,2 жасқа жеткен, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да