Корпоративтік есеп қорытындысы бойынша, әлеуметтік желіге айына бір рет кіретін қолданушылар саны осы жылдың 31 наурызындағы көрсеткіш бойынша 1,94 млрд. адамды құрайды. 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,65 млрд адамға жеткен, салыстырмалы түрде 17%-ға артқан.
Қазіргі таңда шамамен 1,28 млрд адам Facebook-ке күн сайын кіреді. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 18%-ға өскен. Ол кезде қолданушылар саны 1,09 млрд-ты құраған.
Facebook-тің ақшалай түсімі есептік кезеңде $8,03 млрд, ал таза пайда — 3,06 млрд долларға жетіп тұр. 2016 жылы аталмыш әлеуметтік желінің ақшалай түсімі $5,38 млрд, ал таза кірісі — 1,73 млрд. долларды құраған.