Қазақстанға 2025 жылғы 1 тамызда әлем «жұлдызы» Женнифер Лопез келеді. J LO келеді дегеннен алаяқтар жалған билет сата бастаған. Ресми билеттер әлі шыққан жоқ.
Женнифер Лопез-дің концерті «Астана Аренада» өтеді. Ресми билеттер Ticketon сайтына шығады. «Астана концерттің» продюсері Мәлік Хасенов тыңдарманнан билетті басқа сайттардан алмай, ресми билет шыққанын күтуді сұрап отыр.
Құрметті достар! Билет жақын арада алғаш рет Ticketon сайтына шығады. Басқа сайттардағы билеттер — алаяқтардың ісі. Сақ болыңыздар! — деп жазды ол әлжеліге.
